«Банкрот» деп танылған қазақстандықтардың қарызы 16,7 млрд теңгеден асты
Бүгінде 8 986 азамат «банкрот» деп танылған
Мемлекеттік кірістер комитеті 16,7 млрд теңгеден астам қарызы бар қазақстандықтардың «банкрот» деп танылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сүйенсек, бүгінде 8 986 азамат «банкрот» деп танылды. Олардың жалпы қарызы - 16,7 млрд теңгеден астам.
«Азаматтар өзін банкрот деп тануға өтінішті E-gov, E-gov Mobile және E-Salyq Azamat қосымшасы арқылы жібере алады. Түскен өтініштер 22-ден астам мемлекеттік органдар және ұйымдардың базалары арқылы және 11 екінші деңгейдегі банктермен интеграциялау жолымен өңделіп, тексеріледі», - деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов ОКҚ-де өткен брифингіде.
Еске сала кетейік, 2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.