Астанаға блок-бекеттер қойыла ма – ІІМ басшысы жауап берді

Министр бұны қажетсіз дүние деп санайды

Астанаға блок-бекеттер қойыла ма – ІІМ басшысы жауап берді
Фото ашық дереккөзден

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында ІІМ басшысы Ержан Сәденов Астанаға блок-бекет қоюға қатысты ұсынысқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Азаматтар еркін жүріп-тұрамыз. Астанаға кіруге шектеу қою – қажеті жоқ дүние. Біз қандай да бір тәртіп бұзғандар жайлы хабардар болып отырамыз. Ол үшін барлық жағдай жасалған, күш те, құрал-жабдық та бар. Бұрын барлық жерде бақылау-өткізу бекеттері болғандықтан, біз оларды алып тастадық. Енді бұл тек негізгі магистральдарда бар», - деді Сәденов.

Оның ойынша, қаланы жабудың қажеті жоқ.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев «Астанаға блок-бекет қою керек» деп ұсыныс айтқан мәслихат депутатының пікіріне қатысты ойын айтқан еді.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.