$ 511.77  593.19  6.41
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2020, 02:22
Жаңалықтар

Қырғызстанның Бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті

Ол ТМД елдері пандемияға дайын еместігі жайлы мәлімдеген

Қырғызстанның Бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті

Қырғызстанда Денсаулық сақтау министрінің орынбасары және бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Толо Исаков қызметінен босатылды, деп хабарлайды Курсив.

«Мен денсаулық жағдайына байланысты өтініш жаздым» - деп мәлімдеді Исаков.

Оның айтуынша, жақында ол гипертониялық кризге шалдыққан.

«Менің ойымша, мұндай лауазым үшін денсаулығы мықты адам қажет. Мен мемлекетке, өзіме зиян келтіріп, одан әрі қызметімді жалғастыра алмаймын. Ел басына күн туған сәтте әріптестеріммен бірге жұмыс істегеніме қуаныштымын», — деді ол.

Сондай-ақ, Толо Исаков ТМД елдері ауыр сынақтарға дайын емес екенін атап өтті.

«Мен 30 жылдан астам уақытымды осы қызметке арнадым және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін толығымен қайта құру керектігін түсіндім. Жақында ТМД елдерінің бас санитар дәрігерлерімен бейнеконференция арқылы сөйлестік. Олар да барлық елдер, тіпті экономикасы дамыған, қандай да бір ресурстар тапшылығын көрмеген елдердің өзі пандемияға дайын емес екенін мойындап отыр. Барлық елдер осындай пандемия жағдайында дезинфекциялау, қорғау және басқа да құрал-жабдықтардың қажетті қоры бар халықаралық қойма қажет екеніні түсінді», — деп атап өтті ол.

Бұған дейін Толо Исаков Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментін басқарды.

Денсаулық сақтау министрінің жаңа орынбасары болып Білімі бойынша санитарлық дәрігер Нұрболот Үсенбаев тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары