10.04.2020, 01:52
Жаңалықтар
Павлодарда 84 жастағы қария коронавирустан көз жұмды
Қазақстанда COVID-19 вирусынан 8 адам қайтыс болды
Павлодар қаласында коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды www.coronavirus.kz сайты.
Науқас 1936 жылы дүниеге келген. Ол ауруханаға 8 сәуірде «орташа ауыр дәрежедегі полисегментті өкпе қабынуы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Келесі күні коронавирусқа тапсырған лабораториялық талдау оң нәтиже көрсеткен.
«Ер адам 2016 жылдан бері «бронх демікпесі», «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы», «жүректің ишемиялық ауруы», «үшінші дәрежелі артериялық гипертензия» және «дене терісінің қатерлі ісігі» диагноздарымен есепте тұрған. Аталған аурулар науқастың жағдайын одан бетер қиындатқан», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
08.08.2026, 07:48
Көкшетауда орындықта қалған алтын бұйымдарды зейнеткер иемденіп кеткен
08.08.2026, 13:45
Атырауда құбыр ауыстыруға бөлінген қаржыны жымқырған 5 адам сотталды
08.08.2026, 18:00
Ақмола облысында полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тапты (ВИДЕО)