$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2020, 23:54
Жаңалықтар

Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 100 адамға жетті

Облыстың бес ауданында 88 жағдай тіркелген

Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 100 адамға жетті

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қызылорда облысындағы коронавирус індетіне шалдыққан 8 адам туралы ақпаратты жариялады.

«COVID-19 жұқтырған 8 пациенттің алтауы Сырдария ауданында, екеуі Қызылорда қаласында тіркелді. Жас шамалары бойынша ең үлкені 1970 жылы туылған ер адам, ең жасы 2002 жылы туылған қыз бала. Барлығы коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болған. Қазіргі сәтте ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.

Бүгінге дейін жүргізілген эпидзерттеу нәтижесі бойынша науқастармен байланыста болған 1174 азамат анықталды.

Оның ішінде тығыз қарым-қатынаста болғандар саны – 585, ықтимал қарым-қатынаста болғандар саны – 589 адам.

Стационарларда медициналық бақылауға 545 адам алынды, үй жағдайындағы бақылаудағылар саны – 629 адам.

9 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 100 адам анықталды:

Қызылорда қаласында – 12,

Жаңақорған ауданында – 16,

Қармақшы ауданында – 4,

Шиелі ауданында – 52,

Сырдария ауданында – 14,

Арал ауданында – 2 адам.

Серіктес жаңалықтары