10 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Республиканың кей жерлерінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі

Қазгидромет 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың кей жерлерінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады», - деп жазылған хабарламада.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауылмен. Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.