Жетісу облысында құны 95 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Azattyq Rýhy

Сондай-ақ су қорғау аймағында заңсыз өндіріспен айналысқандар анықталды

Жетісу облысында құны 95 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Фото: gov.kz

Жетісу облысында жыл басынан бері кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімін қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, жер телімдері мемлекеттік жер қорына енді.

«Жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімін мемлекеттік жер қорына қайтарды. Ақсу ауданындағы жалпы ауданы 7 мың гектар игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша пайдаланылмаған аталған учаскелер «Күреңбел» ЖШС-не тиесілі», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ Қаратал және Көксу өзендері арналарының карьерлерінің су қорғау аймағында жер қойнауын пайдаланушыларға заңсыз берілген 75 гектар жер анықталды.

«Жер қойнауын пайдаланушылар құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірумен айналысқан, ал су қорғау аймағында тау-кен өндіруге заңмен тікелей тыйым салынған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша сот қаулысымен кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жер қойнауын пайдаланушыларға рұқсаттардың қолданылуының шарттық міндеттемелерін одан әрі бұза отырып тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта су қорының жерлерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары қолға алынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.