$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2020, 17:46
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан іргесіндегі қарттар үйінде 35 адам коронавирус жұқтырған

Олардың екеуі қайтыс болған

Нұр-Сұлтан іргесіндегі қарттар үйінде 35 адам коронавирус жұқтырған
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 35 адам коронавирус жұқтырған. Аталған орталық астанадан 5 шақырым қашықтықтағы Аққайың ауылында орналасқан, деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, бұған дейін орталықта жатқан екі адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болған еді. 1947 жылғы ер адам 2 сәуірде көз жұмса, 6 сәуірде 91 жастағы кейуана бақилық болды. Екеуінің де вирус жұқтырғаны өлімнен кейін белгілі болған.

«Орталықта барлығы 147 адам әлеуметтік көмек алып жатыр, олардың орта жасы 75-те. Оларға қызмет көрсететін 74 адамның 51-і карантинге байланысты қашықтан жұмыс істеп жатыр. Анализдердің нәтижесінде 35 адамнан COVID-19 вирусы анықталды, олардың бірі орталықтың қызметкері», - делінген басқарма таратқан хабарламада.

Вирус жұқтырғандардың барлығы ауруханаға жатқызылған. Олармен байланыста болған өзге адамдар карантинге алынған.

Жалпы, 9 сәуірге дейінгі мәлімет бойынша, Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 56 адам тіркелді.

  • Целиноград ауданында – 51;
  • Аршалы ауданында – 3;
  • Көкшетау қаласында – 1;
  • Шортанды ауданында – 1 жағдай.
Серіктес жаңалықтары