Бүгін түнде Алматыда тағы екі рет жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Сейсмологтар эпицентрі Қытайда болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді

Фото: dzen.ru

Сейсмологтар 25 қаңтарда түнде және таңға жуық Алматыда болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, сағат 02.35-те және 04.21-де екі балдық жер сілкінісі тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258, 273 шақырым жерлерде, Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтар Қытайда тағы бірнеше жер сілкінісін тіркеді (соңғысы сағат 7.43-те болған), олар Қазақстанда сезілген жоқ.

Еске салайық, 23 қаңтар күні сағат 00.09-да Алматыда күшті жер сілкінісі болып, төтенше жағдайдың болуы мүмкін екендігі туралы алдын ала ескертілмеген тұрғындар дүрбелеңге түскен, тіпті үрейден балконнан секіріп кеткендер де болған. Одан кейін де жерасты дүмпулері келесі тәулікте мезгіл-мезгіл сезіліп тұрды. Жер сілкінісі Астана, Алматы, Шымуент қалалары мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Қарағанды ​​облыстарында да сезілген.