25.01.2024, 10:22
Жаңалықтар
Петропавлда құбырлар жарылып, тұрғындар жылусыз қалды
Мамандардың айтуынша, жарылған құбырлардың 75 пайызы әбден тозған
Фото: freepik.com
Петропавлда екі бірдей құбыр жарылып, 28 көпқабатты баспана, 6 жер үй, балабақша мен 7 жекеменшік мекеме жылусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Жақын маңда орналасқан үйлердің жертөлесі суға толды. Ал екінші апат Сәбит Мұқанов көшесінде орналасқан супермаркет маңында тіркелді. Нысанның жертөлесі мен бірінші қабатын су басты. Іштегі адамдар бірден эвакуацияланды. Қалаға жылу тарататын жауапты мекеме мамандарының айтуынша, жарылған құбырлардың 75 пайызы әбден тозған.
«Киім-кешек сатамыз. Тауарлардың барлығы бүлінді. Қазір ішке кіруге рұқсат жоқ. Тым болмаса су болған заттарды үйге апарып, кептіру керек», - дейді кәсіпкер Лиана Долганова.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады