$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралдағы 15 көпқабатты үйдегі 650 отбасы сусыз қалды

Қазір коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері жарылған құбырды ауыстырып жатыр

Оралдағы 15 көпқабатты үйдегі 650 отбасы сусыз қалды
Фото: nepsite.ru

Оралдағы 15 көпқабатты үйдегі 650 отбасы сусыз қалды. Әбубәкір Кердері көшесінде таңғы 9-да құбыр жарылып, бірнеше көше әп-сәтте көлкіген суға толды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz арнасына сілтеме жасап.

Қазір коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері жарылған құбырды ауыстырып жатыр. Ал тұрғындарға тіршілік нәрі арнайы көліктермен жеткізілді. Қыстың қақ ортасында апатты жағдайдың орын алуына су желілерінің тым ескіруі себеп болыпты. Облыс орталығында «Батыс су арнасы» серіктестігіне тиесілі 477 шақырым су құбыры болса, соның 60%-ның тозығы жеткен.

«Ол көшедегі су құбыры 1975 жылы салынған екен. Содан бері еш жаңартылған жоқ. Қазір жол үстіндегі су толықтай сорылды. Жерді қазып жатырмыз. Тұрбаның шіріген тұсын тапқан соң, ол бөлігін толықтай ауыстырамыз. Бүгін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауға тырысамыз», - деді сумен қамтушы кәсіпорын директоры Әнуар Аркенов.

Серіктес жаңалықтары