$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда медорталық сегіз ай бойы жұмысшыларына жалақы бермей келген

Орталық директорына 103 500 теңге әкімшілік айыппұл салынды

Ақтауда медорталық сегіз ай бойы жұмысшыларына жалақы бермей келген
Фото: gov.kz

Ақтауда медициналық орталықтың жұмысшыларына еңбекақы бойынша берешек өндірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облыстық прокуратурасынан хабарлағандай, қадағалау жүргізу барысында Ақтау қаласындағы медициналық орталығы ұзақ уақыт бойы еңбек инспекцияның жалақы бойынша берешекті төлеу туралы нұсқамасын орындамағаны анықталды.

«Осы негізде, облыс прокуратурасы 2023 жылдың 8 айда жиналған 7 млн теңгеге 33 жұмысшыға жалақы бойынша берешекті төлетуге мәжбүрлеу шараларын қабылдады», - делінген прокуратура хабарламасында.

Атқарушылық құжатты уақтылы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Прокуратура еңбек қатынастары шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары туралы ескертеді.

Серіктес жаңалықтары