$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2019, 13:39
Жаңалықтар

Әділбек Сәрсембаевтың орынбасары 3 жылға сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы әкімінің орынбасары Талғат Тлеуовтың пара алғаны үшін сотталғанын хабарлады

Әділбек Сәрсембаевтың орынбасары 3 жылға сотталды
sputniknews.kz

Естеріңізде болса, 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Талғат Манатұлы Тлеуовты мемлекеттік сатып алу келісімшарты негізінде ауданды жарықтандыру қызметі бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойып, «қамқорлық» жасау үшін 5 теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстаған еді. Тіпті, оның ұсталғаны жайлы видео да тарады.

Бүгін аудан әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шығып, оның 3 жылға сотталғаны туралы ресми хабар тарады.

«17 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Есіл ауданының аудандық сотының шешімімен Тлеуов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.

Талғат Манатұлы Тлеуов аудан әкімінің орынбасары болып 2016 жылы тағайындалған еді. Алматы ауданының қазіргі әкімі Әділбек Сәрсембаев та 2016 жылдан бері басшылық қызмет атқарып келеді.

Серіктес жаңалықтары