22.01.2024, 13:40
Жаңалықтар
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады
Фото ашық дереккөзден
Бүгін ауа райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда:
Жетісу облысында – 1 учаске:
- «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 км.
Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске:
- Атырау – Орал тасжолының 375-492 км, Чапаев к. – Орал қ. – 117км;
- Чапаев-Жалпақтал-Қазталов тасжолында 0-213 км, Чапаев к. – Қазталов к. – 213 км;
- Атырау-Орал тасжолында 189-371 км, Атырау обл. шек. – Чапаев а.– 182 км.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 640 бірлік техника және 1336 жолшы жұмылдырылды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
