Италияда ескерткіштерді бүлдіргені үшін 60 000 еуроға дейін айыппұл салынады
Бұл туралы Италияның мәдениет министрі айтты
Соңғы жылдары Италияда эко-вандализм өте кең таралған. Билік онымен күресу үшін айыппұл салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Италияықтар енді вандализм әрекеттері үшін ақы төлемейді. Ендігі ретте тәртіп бұзушы тұлға айыппұл арқалайды. Бұл туралы Италияның мәдениет министрі айтты. Елде мәдени мұраға жататын объектілерді бүлдіргені үшін 60 мың еуроға дейін ірі айыппұлдар салынады.
«Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі біздің заманымыздың орталық және маңызды мәселелері болып табылады, бірақ біз шешімдерді табу үшін байыпты, келісілген түрде жұмыс істеуіміз керек. Ескерткішті қорлау бұқаралық ақпарат құралдарында тек қажетсіз хайп тудырады», - деді Италияның мәдениет министрі.