$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысындағы казинолардың бірінде заңсыз ойын ұйымдастыру фактісі анықталды

Онлайн-казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген

Алматы облысындағы казинолардың бірінде заңсыз ойын ұйымдастыру фактісі анықталды
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында заңды деп саналатын «Макао» ойын мекемесінде онлайн-казиноны заңсыз ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн-казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, қолданыстағы заңнамада белгіленген ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға ставка қоюға, яғни ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген. Ойындар «Макао» казиносының ғимаратынан жүргізілген.

«Осы жылдың қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні Департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізді, оның барысында: 225,5 млн теңге, 15 мыңнан астам еуро, 719 мың рубль, 34 мың юань, 38,5 мың АҚШ доллары, ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелік блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнерегистраторлар табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары