$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ДДСҰ: Covid-19 вакциналары Еуропада 1,5 миллионға жуық адамның өмірін сақтап қалды

Вакцина алған елдердің ішінде өлім-жітім Израильде, Мальтада, Исландияда, Данияда, Финляндияда және Ұлыбританияда азайған

ДДСҰ: Covid-19 вакциналары Еуропада 1,5 миллионға жуық адамның өмірін сақтап қалды
Фото: freepik.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, егер Covid-19 вакцинасы болмаса, Еуропада коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны шамамен 4 миллион адамды құрайтын еді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросы сейсенбіде COVID-19-ға қарсы қауіпсіз және тиімді вакциналардың арқасында Еуропада кем дегенде 1,4 миллион адамның өмірі аман қалғанын айтты.

«Вакциналар 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап 2023 жылдың наурызына дейін өлім-жітімді 57% - ға төмендетті» -, делінген хабарламада.

ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры тәуекел тобына жататын адамдарға, атап айтқанда егде жастағы адамдарға және иммунитеті төмен адамдарға соңғы дозадан кейін алты-он екі айдан кейін ревакциянация жасауды ұсынды.

Зерттеу көрсеткендей, вакцинация арқылы өмірін сақтап қалған адамдардың 96%-ы 60 жастан асқандар.

Өлім - жітім Израильде, Мальтада, Исландияда, Данияда, Финляндияда және Ұлыбританияда азайған.

Серіктес жаңалықтары