$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аяз, көктайғақ, қатты жел: бүгінгі ауа райы болжамы қандай

Еліміз бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

Аяз, көктайғақ, қатты жел: бүгінгі ауа райы болжамы қандай
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Синоптиктер 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Тек елдің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.

Астанада күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -28...-30°C, күндіз -17...-19°C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 5 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -3...-5°C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз +2...+4°C болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары