Алматы облысында бір топ полицей жемқорлық үшін сотталды
Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 58,8 млн теңге айыппұл арқалады

Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Қарасай аудандық соты Алматы облысы Жол-патрульдік полиция батальонының 6 қызметкеріне және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар әкімшілік жауапкершілікке тартпау мақсатында автокөлік жүргізушілерінен пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 58,8 миллион теңгеге айыппұлға сотталды.
Осы үкіммен пара берушілерге жалпы сомасы 3,85 миллион теңгеге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.