$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бұрынғы әкім басқа қызметке тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылды

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Серік Қожаниязов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда қаласын осыған дейін басқарған Асылбек Шәменов ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалуына байланысты өңір басшылығы лауазымынан босатылды.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Кузбасс политехникалық институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған.

Әр жылдары жеке меншік секторында жұмыс істеген.

2001-2005 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2005-2007 жылдары — Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.

2007-2008 жылдары — Қызылорда қаласының әкімі.

2008-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2019 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі. 

2019 жылдан 2021 жылғы қаңтарға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан қазіргі таңға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымында болды.

 2022 жылдың 24 маусымынан бастап Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары