10.01.2024, 14:59
Жаңалықтар
Өскеменде әскери комиссариаттың бөлім бастығы пара алды деген күдікке ілінді
Қазіргі кезде қылмыстық іс сотқа жіберілген
Коллаж: Azattyq Ruhy
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Өскемен қалалық қорғаныс істері басқармасының жасақтау бөлімінің бастығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Антикор өкілі Арман Тілеукенов арнайы брифинг барысында мәлім етті.
«ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қалалық қорғаныс істері басқармасы жасақтау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол Қазақстан азаматтарынан мерзімді әскери борышын өтеуді кейінге қалдыру үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді», - деді А. Тілеукенов.
Антикордың ресми өкілі қазір қылмыстық іс сотқа жіберілгенін атап өтті.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)