ҰҚШҰ Тұрақты кеңесін Марат Сыздықов басқарады
2024 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы тұрақты кеңесінің 2024 жылғы бірінші отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұйым төрағалығының Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына ауысуына байланысты төрағалық етуді Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі Марат Сыздықов алды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Марат Сыздықов 2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі, оған дейін 2019 жылдың наурыз айынан бастап Сыртқы істер вице-министрі болды. Одан бұрын, 2014 жылдан бастап Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің министр-кеңесшісі қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді.