ШҚО-да алимент төлеуден жалтарған 87 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды

Azattyq Rýhy

Былтыр 457 млн теңге қарыз өндіріп алуға мүмкіндік туды

ШҚО-да алимент төлеуден жалтарған 87 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды
Фото: renklikadinlar.com

ШҚО-да алимент төлеуден жалтарған 87 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 5 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының хабарлауынша, 2023 жылы 457 млн теңге көлемінде қарызды өндіріп алуға мүмкіндік туды.

«Кәсіпкерлермен келісім бойынша 18 бос жұмыс орын жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде жұмыстары болмауына байланысты алимент төлемеген 119 борышкер жұмысқа орналастырылды. Алиментті қасақана төлемейтіндерге қатаң шаралар қолданылуда. Алимент төлеуден жалтарған 87 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 5 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілсе, 73 азамат өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 54 борышкердің көлік құралдарын басқару құқығы уақытша шектелді, 208 борышкердің шетелге шығуына уақытша шектеу қойылды», делінген хабарламада.

Бұл шаралар 238 кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғап, көптеген борышкерлер балаларын асырау үшін өз еркімен қаражат төлей бастады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.