$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорда әуежайында жаңғырту жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды

Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жыл бұрын пайдалануға берілген

Елорда әуежайында жаңғырту жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды
Фото: tengrinews.kz

Елордалық әуежайды жаңғырту биылғы көктемде басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қаласының әуежайында көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға дайындық мәселесі бойынша кеңес өтті.

«Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жыл бұрын пайдалануға берілген және осы уақытқа дейін тек аэродром жабындарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ұшу-қону жолағын қайта құру әуежайды инвесторға сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі негізгі және бірінші кезектегі міндеттердің бірі болды», - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Terminals Holding компаниясы алдағы дайындық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесі туралы хабардар етті, оған сәйкес қайта құру жұмыстары наурыздың соңына дейін басталады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, жобаны іске асыру инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады және 2025 жылдың көктемінде аяқталады.

«Ұшу-қону жолағын қайта құру ұшу қауіпсіздігін арттырады және әуе айлағының транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде министрлік әуежайда рейстерді тоқтатпай жұмыс жүргізу қажеттігі туралы айтты.

Серіктес жаңалықтары