Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Қуандық Бишімбаев өткен жылы өз әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астана қалалық полиция департаменті С.Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады», - деп мәлім етті министрліктен.
Сонымен қатар ведомство «Гастроорталық» директорына қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстарының да аяқталғанын атап өтті.
«Тараптар қылмыстық іс материалдарымен таныса бастады», - деп нақтылады ведомстводан.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Қайғылы оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында орын алды.