Көлік министрлігі ресейлік олигархтың Қазақстан арқылы бизнес-джет сатып алғанын жоққа шығарды

Azattyq Rýhy

Мұндай ақпарат бұған дейін кейбір ақпарат құралдарында жарияланған еді

Көлік министрлігі ресейлік олигархтың Қазақстан арқылы бизнес-джет сатып алғанын жоққа шығарды
Фото: jetvip.ru

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі санкцияларды айналып өту үшін ресейлік олигархтың қазақстандық тасымалдаушыдан бизнес-джет сатып алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында ресейлік олигарх санкцияларды айналып өтіп, қазақстандық тасымалдаушыдан Falcon 7X ұшағын сатып алды деген ақпарат тараған еді. Көлік мнистрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

«Әуе кемелерінің бұл түрі бұрын ешқашан Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде болмаған. Irtysh air әуе компаниясының қазіргі уақытта азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты жоқ және 10 жылға жуық ұшуды орындамаған. Әуе компаниясы бұрын әуе кемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбаған», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.