06.01.2024, 13:52
Жаңалықтар
Атырау облысында аудандық білім бөлімінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды
Қазіргі таңда аталған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: kazbilim.kz
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алғаны үшін «Атырау облысы білім басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі таңда аталған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Атыраудың мамандандырылған тергеу соты мемлекеттік қызметшіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сай, басқа ақпарат жария етілмейді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы