$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде атом электр станциясын салу қажетті шара болып отыр – депутат

Ол Президенттің жылумен қамту мәселесін ерекше бақылауда ұстап отырғанын жеткізді

Елімізде атом электр станциясын салу қажетті шара болып отыр – депутат
Фото: baq.kz

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында айтылған өзекті мәселелер жайлы пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үлкен сұхбаты жарияланды. Онда Президент ішкі және сыртқы саясат, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, атом электр станциясының құрылысы туралы сұрақтарға жауап берді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік-коммуникациялық жүйелер мәселелеріне ерекше назар аударылады. «Бүкіл Қазақстандағы инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғырту – өте ауқымды әрі күрделі міндет. Бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр» деген Мемлекет басшысы коммуналдық салаға салынған инвестиция жылдар бойы қажеттіліктерге сәйкес келмейтінін атап өтті», - дейді депутат.

Ол атағандай, Президент туындаған олқылықтарға ден қоя отырып, жылумен қамту мәселесін ерекше бақылауда ұстап отыр.

«Осыған байланысты тиісті органдар мен ұйымдарға үйлерге жылу берудегі апаттар мен үзілістердің алдын алу, сондай-ақ жаңа қуаттарды енгізу, желілерді жүйелі түрде жаңарту және бүкіл коммуналдық секторды жаңғырту секілді ең төменгі және ең жоғарғы міндеттер жүктелді. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктерден осы бағыттағы шешуші қадамдарды күтеді. Расында, мұндай қадамдар қажет. Ең алдымен, жүйелі шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін энергетика саласының даму стратегиясын әзірлеу қажет. Мемлекет басшысы атом электр стансасын салу сынды маңызды мәселе бойынша да өз ұстанымын білдірді», - деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Депутат АЭС салу қажеттігі жайлы айтты.

«Біздің еліміз үшін энергетикалық қуаттардың тозғанын және атом энергетикалық әлеуетінің барын ескере отырып, атом электр станцияларын салу қажетті шара деп есептеймін», - деді ол Facebook-тегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары