$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2020, 23:10
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 12 күнде 200 орындық ауруxана салынады – видео

Құрылыс басында тәулік бойы  500  адам жұмыс істеуде

Нұр-Сұлтанда 12 күнде 200 орындық ауруxана салынады – видео

Елордада 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының  құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, құрылыс басындағы видеомен бөлісті.

Құрылыс жұмыстары осыдан екі күн бұрын, 5 cәуірде басталған болатын. Құрылыс орнында модульдік құрылымдарды монтаждау жүріп жатыр, сондай-ақ аумақты абаттандыру және қоршауларды орнату бойынша жұмыстар қолға алынған. Нысанда тәулік бойы 500 адам және бірнеше ондаған техника жұмыс істеп жатыр. Аурухананы шұғыл  тұрғызу мақсатында құрылысшылар үш ауысыммен, тәулік бойы жұмысты үзбейді.

«Аурухана уақытша емес, темір бетонды конструкциялардан құрылған. Солтүстіктің шұғыл континентальды климаты үшін тұрақты, кем дегенде 50 жылға дейін қолданыста болады!», - деп жазды  BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев.

Айта кетейік, компания құрылысты 12 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары