29.12.2023, 06:37
Жаңалықтар
Жамбыл облысында әкімдік қызметкері жер телімін заңсыз таратқан
Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, материал сотқа жолданды
Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі заңсыз берілген. Бұл туралы облыстық прокуратураның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның мәліметінше, Байзақ ауданы әкімдігінің қызметкері 500 гектар жерді беру кезінде заңға қайшы әрекетке барған. Соның ішінде жылжымайтын мүліктің орны туралы жалған мәлімет енгізген. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, материал сотқа жолданды.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде 300 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал қалғаны бойынша жұмыстар жалғасып жатыр деп мәлімдеді прокурорлар.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды
10.09.2026, 08:17
БҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, біреуін мерт қылған соң оқиға орнынан қашып кетті