БҚО-дағы «Жайықмұнай» компаниясынан 38 млрд теңге мемлекет пайдасына қайтарылды

Azattyq Rýhy

Салық заңнамасын бұзғаны үшін компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды

БҚО-дағы «Жайықмұнай» компаниясынан 38 млрд теңге мемлекет пайдасына қайтарылды
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысындағы «Жайықмұнай» компаниясынан 38 миллиард теңге мемлекет пайдасына қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Прокурорлық тексеру кезінде серіктестіктің осынша көлемдегі қаржыны мемлекет тарапынан өтелетін шығындар қатарына қосып қойғаны анықталды. Одан бөлек компанияның 9 жарым миллиард теңге салықты төлемегені, 725 миллион теңге көлеміндегі корпоративті табыс салығын аудармағаны да нақтыланды. Салық заңнамасын бұзғаны үшін компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 миллиард теңге айыппұл салынды.

 «Аталған шығындар консультативтік қызметтерді сатып алу есебінен пайда болған, алайда толық көлемінде дәлелденбеуіне байланысты аталған шығындардың салық комитетімен тиісті шешім қабылданды. Оларды есептен алып тастау туралы. Жайықмұнай компаниясы өздері мойындап есепті түзетуге байланысты шаралар қабылданды», - деді БҚО прокуратурасының басқарма басшысы Аслан Жаңатауов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.