ШҚО-да терроризмді насихаттады деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды

Azattyq Rýhy

Тергеу барысында оның тұрғылықты жерінен діни әдебиеттер тәркіленді

ШҚО-да терроризмді насихаттады деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бүгін, 27 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу барысында оның тұрғылықты жерінен діни әдебиеттер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Бұрын ұсталған адамға қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін заңсыз әрекетке жол бермеу жөнінде бірнеше рет ескертілген.

Оған ресми сақтандыру жарияланған. 

Алдын алу шараларына қарамастан ол қылмыстық әрекетін жалғастыра берді. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде таратылатын радикалды идеологияның, әсіресе жастарға деструктивті әсер ету қаупін еске салады.

Экстремистік мазмұндағы интернет ресурстарына кіруден бас тартып, ал ата-аналарға балалардың радикалды сайттарға деген қызығушылығына жауапкершілікпен ден қойғаны жөн. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.