27.12.2023, 17:13
Жаңалықтар
Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады
Бұл күндері жауын-шашын мен қар жаууы мүмкін
Фото: freepik.com
«Қазгидромет» АҚ Қазақстан бойынша 2023 жылғы 30 желтоқсан 2024 жылғы 2 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«30 желтоқсан 2 қаңтар аралығында Қазақстанның ауа-райын Атлантикалық циклондар сериясы және атмосфералық фронттар айқындайтын болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, солтүстік өңірлерде 1-2 қаңтарда қар түрінде болады деп күтілуде. ҚР бойынша көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-28 м/с болады деп болжануда», - делінген хабарламада.
Ауа температурасы:
- батыста түнде негізгі фон 5 аяз-5 жылы, күндіз 2 аяз-3 жылыдан 0-5 жылыға дейін ауытқиды;
- солтүстік-батыста түнде 7-12 аяздан 5 аяз - 2 жылыдан, күндіз 0-8 аяздан 2 аяз - 5 жылыға дейін ауытқиды;
- солтүстікте, орталықта түнде 5-15 аяздан 5 аяз - 2 жылыға дейін, күндіз 2-10 аяздан 2 аяз - 3 жылыға дейін ауытқиды;
- шығыста түнде 7 аяз - 2 жылыдан 5-15 аязға дейін, күндіз 2 аяз - 3 жылыдан 0-5 аязға дейін ауытқиды;
- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 0-10, таулы аудандарда 10-15 аяз, күндіз 3 аяз-5 жылы, таулы аудандарда 6 аяз болады.
Көп оқылған
15.05.2026, 14:09
«Жетпіс мың теңге үшін көкбауырын үзіп жіберген»: Алматы облысында тағы бір бозбала төбелестен көз жұмды
15.05.2026, 17:03
Жол сапасы назарда: Ақмола облысында ондаған зауыт тексеріліп жатыр
15.05.2026, 15:53
Семейде ер адам бүлдіршіндерге қарап тұрып, ұятсыз әрекет жасады (ВИДЕО)