27.12.2023, 06:41
Жаңалықтар
53 млн теңге желге ұшты: Павлодарда миллиондарға салынған мұз қалашық еріп кетті
Ал құқық қорғау органдары тексеру жүргізілетінін мәлімдеді
Бейнеден кадр
Құрылысына 53 млн теңге бөлінген Павлодар қаласындағы мұз қалашығы тұтастай еріп кетті. Бұған толассыз жауған жаңбыр мен ауа райының күрт жылынуы себеп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Ал ауа райын болжау орталығы өңірде қыс қарсыз, жылы, жаңбырлы болатынын екі ай бұрын хабарлап, ескерту жасаған. Мәселен, бүгін +3 градусқа дейін жылып кетті. Алдағы күндері тіпті, қаңтар айында да, күн жылы болатындығы көрсетілген. Сондықтан дәл биылғыдай жылымыққа қарамастан жаңа жылды мерекелеуге 185 млн теңге бөлген жергілікті әкімдіктің әрекеті көпшілік тарапынан сынға ілікті.
Ал құқық қорғау органдары қаржылық талдау жасалып, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.
Көп оқылған
22.06.2026, 15:47
Алматыда 17 жыл бұрын банктердің бірінен 183 млн теңге ұрлаған ер адам Қырғызстанда қолға түсті
22.06.2026, 10:32
Димаш қазақтың тағы бір халық әнін заманауи стильге келтіріп, жаңа челлендж бастады (ВИДЕО)
22.06.2026, 14:17
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты (ВИДЕО)
22.06.2026, 12:25
Ескерту: Қазақстанда ұшып бара жатқан ұшаққа лазер түсіргендер 10 жылға сотталып кетеді
22.06.2026, 12:02
Шекарадағы қылмыс: Түркістан облысында 17 адам қамауға алынды (ВИДЕО)
22.06.2026, 15:38
Қазақстаннан 190 мың тоннадан аса бензин ұрланбақ болған