Көктайғақ, тұман, қатты жел: синоптиктер ертеңгі ауа райы болжамын жариялады

Azattyq Rýhy

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады

Көктайғақ, тұман, қатты жел: синоптиктер ертеңгі ауа райы болжамын жариялады
Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2023 жылы 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады, атап айтқанда, жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман, қатты жел түрінде.

Күндіз еліміздің  оңтүстік-батысында жаңбыр, солтүстік-батысында қалың қар жауады, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын  (қар, жаңбыр) болады. Қостанай облысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының орталығында, күндіз солтүстігінде, батысында 30 м/с және одан аса мөлшерде жылдамдықпен қатты жел тұрады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.