$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында «АвтоУраган-МС» мобильді кешенін тиімсіз пайдалану фактілері анықталды

Облыс прокуратурасы тиісті шара қолдану қажеттігі туралы прокурорлық қадағалау актісін енгізді

Жамбыл облысында «АвтоУраган-МС» мобильді кешенін тиімсіз пайдалану фактілері анықталды
Фото: top-news.kz

Жамбыл облысының прокуратурасы «АвтоУраган-МС» мобильді кешенін тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2022-2023 жылдары облыстық Полиция департаменті 15 мобильді кешен сатып алған.

«Бұл кешендер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 16 түрін анықтау үшін аумақтағы көлік құралдарын автоматты түрде фотобейнефиксациялауды жүргізуі тиіс. Алайда, іс жүзінде көрсетілген кешен облыс аумағында бұзушылықтың тек 1 түрін (жылдамдықты асыруы) тіркейді. Кешеннің толыққанды жұмыс істеуі үшін жол белгілерінің әрекет ету аймақтарын көрсететін электрондық карта қажет», - деп хабарлады бақылаушы органнан.

Ал бұл кемшіліктер құқық бұзушылықтың алдын алу және облыс аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларға да кері әсерін тигізеді.

Облыс прокуратурасы тиісті шара қолдану қажеттігі туралы прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Серіктес жаңалықтары