$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда 13 млн теңге қаржы жымқырған балабақша басшысы ұсталды

Күдікті тұлға сот санкциясымен қамауға алынды

Таразда 13 млн теңге қаржы жымқырған балабақша басшысы ұсталды
Фото: gov.kz

Прокурорлар Тараздың балабақшасында ірі көлемде қаражатты жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады», - делінген Жамбыл облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.

Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары