Тұман, көктайғақ: еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

Azattyq Rýhy

Кей өңірлерде жел күшейіп, боран соғады

Тұман, көктайғақ: еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: zhaikpress.kz

Еліміздің 11 облысында 25 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің 18 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында да тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді.  Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз оңтүстік бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбеде көктайғақ болуы мүмкін. Түнде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады. Күндіз облыстың батысында боран соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қызылордада тұман түседі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте, Түркістанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түсуі ықтимал. Көкшетауда түнде көктайғақ болады.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда түнде көктайғақ, тұман болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.