Полицейлер баланың анасын іздеп жатыр
Шымкентте Нұрсәт шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
21 желтоқсанда Қаратау аудандық полиция бөлімінің «102» арнасына жаңа туған нәрестенің өлі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қаратау ауданы Полиция басқармасының 102 арнасына жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде», - делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.