$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде республикалық маңызы бар екі жол бөлігіне шектеу енгізілді

Автожолдарда 718 бірлік техника жұмыс істеп жатыр

Елімізде республикалық маңызы бар екі жол бөлігіне шектеу енгізілді
Коллаж: Azattyq Ruhy

Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар екі жол учаскесіне шектеу енгізілді, жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 22 желтоқсандағы сағат 13.00-дегі жағдай бойынша шектеу 2 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 2 бөлігінде енгізілді.

  • Жамбыл облысында – 1 учаске:

1. Алматы – Ташкент - Термез учаскесі – 159-238 км, Кенен ауылынан – Қайнар ауылына дейін – 79 км.;

  • Жетісу облысында 1 учаске:

1. Үшарал– Достық учаскесі – 84-184 км, станция Көктұмадан станция Достықа дейінгі аралық – 100 км.;

Боран, шектеулі көрініс, көктайғақ, жауын-шашын болғандықтан, шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 718 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары