$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады

Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Ғалым Шойкин Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ғалым Шойкин 1977 жылы Ақмола облысында туған.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы комбайнердің көмекшісі болып бастады.

1995-1996 ж.ж. — өндірістік кооперативте тракторшы-машинист.

2000-2001 ж.ж. — Л. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар, саясаттану және әлеуметтану кафедрасында тағылымгер оқытушы.

2001-2003 ж.ж. — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Жастар саясаты департаментінің өңірлік саясат және талдау жұмысы басқармасында түрлі қызметтер атқарды.

2004-2009 ж.ж. — ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2009-2012 ж.ж. — «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2012-2014 ж.ж. — ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2017 ж.ж. — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы.

2017-2019 ж.ж. — ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

2019 жылы Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019-2020 ж.ж. — ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры.

2020 жылғы мамырдан қазірге дейін ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары