АҚШ-та кісі өлтіргені үшін өмір бойына сотталған ер адам 48 жылдан соң ақталып шықты
Ер адам 1975 жылы өлім жазасына кесілген болатын

Оклахома штатының қазылар алқасы 71 жастағы Глинн Симмонсты кісі өлтіргені үшін 48 жылға бас бостандығынан айырған болатын, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Associated Press хабарлады.
«Сот нақты және сенімді дәлелдерге сүйене отырып, Симмонс мырзаны ақтап шықты. Яғни, кісі өлтірді деп айып тағылып, артынша сотталып, түрмеге жабылған Симмонс мырзаның ол қылмысты жасамағаны анықталды», - деді судья Эми Палумбо.
Америкалық тұрғын 1975 жылы өлім жазасына кесілген болатын. Ал 1977 жылы оның жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.
Симмонс 48 жыл 1 ай және 18 күнін түрмеде өткізген.
Агенттік оның есімі АҚШ тарихында сот қателігінен ең ұзақ зардап шеккен адам ретінде қалатынын жазады.
Симмонсқа мемлекеттен 175 мың доллар көлемінде өтемақы талап ету құқығы берілді.