БҰҰ Семей өңірін сауықтыру мақсатындағы қарарды бірауыздан қабылдады

Құжат Семей өңірінде экономикалық өсу мен орнықты дамуды қамтамасыз ету бойынша Қазақстанға көмек беруге шақырады

БҰҰ Семей өңірін сауықтыру мақсатындағы қарарды бірауыздан қабылдады
Фото: vlast.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жалпы отырысында Қазақстандағы Семей өңірінде халықты оңалту, қоршаған ортаны қалпына келтіру және экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық және әрекет үйлестіру туралы қарары бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей өңіріне арналған он бірінші қарары. Оның алғашқысы 1997 жылы қабылданды. БҰҰ-ның 85 мүше-мемлекеттері қарардың бірлескен авторлығына қосылды.

Семей өңірі бойынша қабылданған қарар – халық, әсіресе жас балалардың және басқа да осал топтардың өмірі мен денсаулықтарына ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді салдарлары бойынша халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығының көрнекті дәлелі.

Құжатта Семей өңірінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ішкі ресурстар бөлудегі Қазақстан Үкіметінің маңызды рөлі атап айтылады. Сондай-ақ, құжат халықаралық қауымдастықты зардап шеккен халықты емдеу мен қызмет көрсетудің арнайы бағдарламалар мен жобаларын әзірлеу және жүзеге асыруда, сондай-ақ Семей өңірінде экономикалық өсу мен орнықты дамуды қамтамасыз ету бойынша Қазақстанға көмек беруге шақырады.

Авторы: Еркежан АЙТҚАЗЫ

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.