$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 300-ден астам шетелдік азамат анықталды

Заңнаманы бұзғандардың көбі Тәжікстан азаматтары 

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 300-ден астам шетелдік азамат анықталды
Фото: POLISIA.KZ

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 300-ден астам шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі POLISIA.KZ сілтеме жасап. Алматыда заңсыз мигранттардың тұруы және заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруы мүмкін жерлерді анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр.

«Тек соңғы аптаның өзінде барлығы 302 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 34-і шет мемлекеттердің азаматтары (Нигерия – 9, Түркия – 14) және Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген 268 азамат бар. Қабылдап-таратуға жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 107 шетелдік орналастырылды. Сот қаулысымен 90 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ Асхат Бутунчинов қабылдаушы 81 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік шара қолданылғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары