Алматы әкімі көшелерді жарықтандыру мәселесі қалай шешілетінін айтты

Аягөз Құрмаш

Қалада 180 мың жарық нүктесі орнатылған

Алматы әкімі көшелерді жарықтандыру мәселесі қалай шешілетінін айтты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ алаңында қаланы жарықтандыру бойынша қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Мемлекет басшысы Алматы қаласының көшелері мен қоғамдық кеңістіктерін жарықтандыру мәселесін шешуді тапсырған болатын.

«Бүгінгі таңда қалада 180 мың жарық нүктесі орнатылып, жұмыс істеп тұр. Оның 90 мыңына бұрын қызмет көрсетілмеген, оның ішінде 30 мыңы иесіз желілер.Биыл тамыз айында Алмалы ауданы әкімдігінің сыртқы жарықтандыруға қызмет көрсету бойынша пилоттық жобасы іске қосылды, ол оң нәтиже көрсетті. Жанбайтын жарық нүктелерінің үлесі 47%-дан 25%-ға дейін төмендеді. Алмалы ауданының оң тәжірибесін ескере отырып, осы жылдың қараша айында қалған 7 аудан “Алматы Қала Жарық” МКК-мен шарт жасасты», - деді Алматы әкімі.

Бұдан басқа әкім 2024 жылы сапалы сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз етуге аудан әкімдіктеріне 9,9 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Нәтижесінде сапалы сыртқы жарықтандыру үлесі 2024 жылы 85% -ға және 2025 жылы 100% - ға дейін жеткізіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.