$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады

Республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Коллаж: Azattyq Ruhy

Ауа-райының нашарлауына, сондай-ақ жолды тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 шақырым, Кенен уч. с. – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) -79 шақырым;

Жетісу облысында 2 учаске - «Үшарал-Достық» а/ж 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 шақырым; «Сарыөзек-Көктал» а/ж 45-68 шақырым, (Алтын Емел асуы).

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 674 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ Батыс өңірлерден келе жатқан циклоннан салдарынан Қостанай облысында ауа райының күрт нашарлауы байқалады.

Серіктес жаңалықтары