$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында Таразда 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді

Ауданда тағы 3 мектептің құрылысы басталған  

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында Таразда 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен

Таразда 1200 орынға арналған мектеп пайдалануға берілді. Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында бой көтерген №64 білім ордасы Тараз қаласы «Ұлы дала» шағын ауданындағы алғашқы мемлекеттік мектеп. Бүгінде аталған шағын ауданда 25 мыңнан астам адам қоныстанған. Оның ішінде, мектеп жасындағы  2314 бала бар. Бұл білім ошағы өңірде жыл басынан бері ел игілігіне берілген 4-ші оқу ошағы. Мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінген.

Мұнда лингафон кабинеттері, зертхана, 350 адамға арналған кең акт залы, кітапхана мен 400 орындық асхана, шеберхана бар. Сондай-ақ, 56 оқу кабинеті интерактивті тақталармен жабдықталған. Мектепте 58 мұғалім сабақ береді.

Аталған ауданда жаңа білім ошағының ашылуы жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуаныш болды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысумен өткен кездесулерде тұрғындар білім ұясын салу кезек күттірмейтін мәселе екенін айтып, өтініштерін жеткізген еді. Сондай-ақ, білім нысанының құрылысы басталған онда партия облыстық филиалының партиялық бақылау посты жұмыс істеп, құрылыстың сапалы жүргізілуін бақылап отырды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қазіргі уақытта аталған шағын ауданда 2024 жылы тапсырылуы жоспарланған 4400 оқушыға арналған тағы 3 мектептің құрылысы салынып жатыр. 

2027 жылға дейін партия оқушының 18,7 мың орынды қамтитын 65 мектеп құрылысы мен 4 мектеп құрылысы мен мектептерге жапсарлас құрылысы жүргізуге ықпал ететін болады. Бұл бастамалардың барлығы «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» өңірлік  сайлауалды бағдарламасының Жол картасында айқын көрсетілген. 

Серіктес жаңалықтары