Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайлары шетелдік инвесторларға берілмек – министр

Бұл бағытқа 2 млрд 400 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайлары шетелдік инвесторларға берілмек – министр
Shutterstock.com

Еліміздің әуежайларында мультимодалды орталықтар құру мақсатында қажетті құзыреті мен капиталы бар жеке инвесторларды тарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Бұл бастаманың шеңберінде Астана, Алматы және Шымкент әуежайларына инвесторлар тартылып, ұшу-қону жолақтарын, жанармай құю кешендерін реконструкциялау, жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Қарағанды әуежайында инвестор ұшу-қону жолағын және қажетті арнайы техниканы жаңғыртуды жоспарлап отыр. Ал Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайларын осы салада тәжірибесі бар жаһандық ірі инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл бағытқа 2 млрд 400 млн доллар жеке инвестиция, соның ішінде шетелдік инвестициялар тартылып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.