$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шавкат Рахмонов кезекті жеңісіне жетті

Ол Лас-Вегаста өткен 296-шы турнирде өнер көрсетті

Шавкат Рахмонов кезекті жеңісіне жетті
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық балуан Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-де алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өткен 296-шы турнирде өнер көрсетті, онда америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) жқдырықтасты. Бұл жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген еді, алайда Рахмонов екінші раундта тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Осылайша, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында он сегізінші жеңісіне жетті, ал Стивен Томпсон жетінші рет жеңіліске ұшырады. Бұл Рахмоновтың 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болды: ол наурыз айының басында америкалық Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта оны тұншықтыру әдісімен жеңді.

Серіктес жаңалықтары