Әйгілі бапкер Хосеп Гвардиоланың анасы коронавирустан көз жұмды
Ол 82 жаста болған
«Манчестер сити» футбол клубының бас бапкері Хосеп Гвардиоланың анасы Долорс Сала Барселона маңындағы ауруханалардың бірінде көз жұмды. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған деп жазылған клубтың Twitter-парақшасында.
«Манчестер Сити» отбасы Пептің анасы Долорс Сала Каррионың коронавирус жұқтырғаннан кейін Барселонадағы Манресте қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды. Ол 82 жаста еді. Клубқа қатысы бар әр адам оған және оның қайғыра көңіл айтады», - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
Директорлар кеңесінің төрағасы Халдун әл Мүбәрак та бапкердің өзі мен отбасына көңіл айтты және «МанСити» ұжымы оны осы қиын сәтте қолдайтынын жеткізді.
Джон Хопкинс университеті мамандарының мәліметінше, Испания коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Еуропада екінші орында тұр. COVID-19 вирусын 135 мың адам жұқтырса, 13 469 адам көз жұмған.